Перейти к содержимому
Главная страница » Заңды білу — өзіңді қорғау

Заңды білу — өзіңді қорғау

Заңды білу – тек құқық саласының мамандарына қажет дүние емес. Әр азамат өзінің негізгі құқықтары мен міндеттерін білген жағдайда күнделікті өмірде көптеген қиындықтың алдын ала алады.

Құқықтық сауаты жоғары адам қандай жағдайда не істеу керектігін біледі. Өз құқығы бұзылған кезде заңды жолмен әрекет етіп, мәселені өркениетті түрде шешуге ұмтылады. Бұл қоғамдағы дау-жанжалдың азаюына да ықпал етеді.

Заң талаптарын білу азаматтың жауапкершілігін де арттырады. Өйткені адам өз әрекетінің құқықтық салдарын түсінген сайын заң бұзудан бойын аулақ ұстайды.

Құқықтық сауатты арттыруда ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының маңызы зор. Мемлекеттік органдардың тұрғындармен кездесуі, заң талаптарын қарапайым тілмен түсіндіруі азаматтардың құқықтық мәдениетін қалыптастырады.
Заңды білу – өзгенің құқығын бұзбауға да үйретеді. Құқығын білетін әрі міндетін түсінетін азамат – тәртіпті қоғамның берік негізі.

Құралбек СӘБИТОВ