Перейти к содержимому
Главная страница » Немқұрайлыққа жол жоқ

Немқұрайлыққа жол жоқ

Қоғамдағы кейбір мәселелерге «маған қатысы жоқ» деп қарау құқық бұзушылықтың алдын алуға кедергі келтіреді. Немқұрайлылық орын алған жерде тәртіпті сақтау да қиындай түседі. Қоғамдық орында құқық бұзушылықты байқап, оған көз жұма қарау немесе қауіпті жағдайға тап болған адамға көмек көрсетпеу – азаматтық жауапкершіліктің әлсіздігін көрсетеді. Әрине, кез келген жағдайда азамат өз қауіпсіздігін де ескеруі керек. Дегенмен заңсыз әрекет туралы тиісті органдарға хабарлау, зардап шеккен адамға көмек шақыру сияқты қарапайым әрекеттердің өзі маңызды.
Қоғамдағы тәртіп тек полицияның бақылауымен қалыптаспайды. Оған тұрғындардың белсенділігі мен өзара жауапкершілігі де әсер етеді. Бір адамның немқұрайлы әрекеті кейде үлкен мәселеге себеп болуы мүмкін. Сондықтан қоғамдық ортаға бейжай қарамай, заң мен тәртіпті сақтауға әркім өз үлесін қосқаны жөн.

Құралбек СӘБИТОВ