Азаматтың жеке мүлкін қорғау үшін күрделі шаралардың барлығын бірдей қажет етпейді. Кейде қарапайым сақтықтың өзі құқық бұзушылықтың алдын алуға жеткілікті. Үйден шығарда есік-терезені тексеру, көлікті қауіпсіз жерге қою, бағалы заттарды көзге түспейтін жерде сақтау – күнделікті орындауға болатын қарапайым талаптар. Көлік немесе үй кілтін бөгде адамға беру кезінде де сақ болған жөн. Құжаттар мен мүлікке қатысты мәліметтерді кез келген адаммен бөлісу қауіп тудыруы мүмкін.
Мүліктің сақталуына жауапкершілікпен қарау ұрлықтың алдын алуға көмектеседі. Ал күмәнді жағдай байқалған кезде оны тиісті органдарға хабарлау қажет. Қауіпсіздік – тек техникаға емес, адамның өз тәртібіне де байланысты. Ұқыптылық пен мұқияттық үлкен шығынның алдын алуы мүмкін.
Құралбек СӘБИТОВ

