🌧️
15°C
Қонаев
Сейсенбі, Қыркүйек 16, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    АХАТ қызметі оңтайланды

    07.10.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы
    АХАТ қызметі оңтайланды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    1 шілдеден бастап Азаматтық хал актілерін тіркеу (АХАТ) функциялары «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына өтті. Ал қызмет көрсету стандарттары, оларды қарау тәртібі мен мерзімі өзгеріссіз қалды. Сондай-ақ, электрондық үкімет порталы арқылы онлайн өтініш беру мүмкіндігі сақталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар алаңында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғамы Алматы облысы филиалы директорының орынбасары Талғат Бектұрсынов мәлімдеді.

    Естеріңізге сала кетейік, АХАТ органдары туғаны, қайтыс болғаны және неке қию, некені бұзу сияқты құжаттарды тіркейді. Бұдан басқа, тіркеуші органдар акт жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізеді, азаматтық хал актілерінің жазбаларын қалпына келтіреді және жояды.

    – Жас жұбайлар бұрынғысынша АХАТ арқылы некеге тұруға өтініш бере алады. Одан бөлек, өтінімдерді электрондық үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады. Өтініш неке қию күнінен 15 күн бұрын берілуі керек. Сонымен қатар жас жұбайлар өтініш берген кезде некені салтанатты түрде немесе әдеттегі түрде қию жолдарын таңдайды. Қазіргі таңда Еңбекшіқазақ ауданы және Талғар қаласында салтанатты түрде тіркеу залдары бар, – деді Еңбекшіқазақ аудандық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Гүлжаухар Құлжабаева.

    Спикердің айтуынша, аймақта екі айда неке қиюға 1100-ден аса азамат өтінім берген болса, заңды ажырасуға 200-ден аса өтініш түскен.
    Некеге тұрғысы келетіндер тіркеуші органға жеке басын куәландыратын құжаттарын ала баруы керек. ХҚКО операторлары мен мемлекеттік корпорацияның басқа да қызметкерлері АХАТ ақпараттық жүйесін қолдана алмайды. Сондықтан АХАТ қызметтерін тек тіркеуші орган мамандары көрсетеді.

    Естеріңізге сала кетейік, АХАТ органдары ақылы да, тегін де қызметтер көрсетеді. Әлеуметтік маңызы бар қызметтерді, атап айтсақ, туу мен өлімді тіркеу тегін болып қалды. Ақылы қызметтердің тарифі қосалқы құн салығымен қоса есептелген.

    Гүлзат Байқонысова,
    Қонаев қаласы

    Ұсынымдар

    Алматы облысы цифрлық болашаққа сенімді қадам басып келеді

    Алматы облысы цифрлық болашаққа сенімді қадам басып келеді

    4 days ago
    Сын түзелмей, мін түзелмейді

    Сын түзелмей, мін түзелмейді

    2 years ago
    ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

    ТАУ БАУРАЙЫНДАҒЫ БАСҚОСУ

    1 month ago
    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    Қонаевта триатлоннан республикалық чемпионат өтті

    2 years ago
    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    Жаңа қызмет – жаңа міндет

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>