Перейти к содержимому
Главная страница » Саналы таңдау – мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес

Саналы таңдау – мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес

Біз тәуелсіздіктің қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі жетістіктерге дейінгі жолдың куәсі болған буынбыз. Сондықтан еліміздің тұрақтылығы мен бірлігі біз үшін ерекше құндылық. Құрылтай сайлауы да сол тұрақтылықты нығайтып, халықтың үні ескерілетін маңызды алаңның қалыптасуына ықпал етеді деп ойлаймын.

Қазіргі қоғамда әртүрлі пікірдің болуы заңды. Алайда барлығымызды біріктіретін ортақ мақсат Қазақстанның өсіп-өркендеуі. Құрылтай құрамына өмірлік тәжірибесі мол, елдің мәселесін жақсы білетін, ұлттық құндылықтарды құрметтейтін және халықтың сеніміне ие азаматтар сайланса, көптеген өзекті мәселелердің тиімді шешілуіне жол ашылады.

Сондықтан әрбір азамат бұл сайлауға бейжай қарамай, өз азаматтық ұстанымын танытуы қажет. Елдің ертеңі үшін жасалған әрбір саналы таңдау мемлекетіміздің болашағына қосылған үлес деп есептеймін.

Сабыр ДОСЫМБЕКОВ,

Алматы облысының, Кеген және Райымбек аудандарының Құрметті азаматы