Перейти к содержимому
Главная страница » Әкем, анам және мен

Әкем, анам және мен

Қаскелең қаласындағы ­№1 бала­­­лар мен жасөспірімдер спорт мектебінде «Әкем, анам және мен» атты отбасылық-эстафеталық жарыс ұйымдастырылды. Отбасы­лық құндылықтарды ұлық­тап, салауатты өмір салтын насихаттаған спорттық шараға Қарасай аудандық прокуратурасы, аудан әкімдігі және Отбасын қолдау орталығы мұрындық болды.

Сайысқа ауданға қарасты ауыл­дық округтерден білім, денсаулық сақтау және құқық қорғау саласы қызметкерлерінің отбасылары қатысты. Әке, ана және екі баладан жасақ­талған әрбір команда спорттық кезеңдерде өзара ұйымшылдығын, ептілігі мен шапшаңдығын сарапқа салды. Тартысты әрі көңілді өткен жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды аудандық орталық аурухананың намысын қорғаған Жексенбаевтар отбасы жеңіп алды. Екінші орынды мемлекеттік кірістер басқармасынан қатысқан Азихановтар отбасы иеленсе, үздік үштікті Ұмтыл ауылдық округінен келген Медетовтер отбасы түйіндеді. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы марапатқа ие болды.

Қуат Қайранбаев

Қарасай ауданы