Перейти к содержимому
Главная страница » Халықпен жұмысты жандандыру қажет

Халықпен жұмысты жандандыру қажет

Талғар ауданына іссапармен барған облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев әкімдікте жиын өткізді. Онда ауылдық округтер әкімдері биылғы алты айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп беріп, алда өтетін Құрылтай сайлауына дайындық барысы туралы да баяндады.Марат Елеусізұлы әр әкімнің есебін мұқият тыңдап, олардың жұмысына қатысты ескертулер жасады. Бұл ретте халықпен жүргізіліп жатқан жұмыстың әлсіздігін, алдағы Құрылтай сайлауына азаматтардың қатысуына қатысты көрсеткіштердің қанағаттанарлықсыз екенін алға тартты. Сонымен қатар округ әкімдерінің елдімекендерге инвестиция тарту бағытындағы жұмыстарын сынға алынды. Мәселен, Бесқайнар округі – туристік әлеуеті жоғары аумақ. Алайда мұнда инвестициялық жобалар өте аз. Алты ай ішінде округте шаруашылықтың бірде-бір бағыты дамытуға әрекет жасалмаған, – деді облыс әкімі.Ауданның ауыл шаруашылығы әлеуетін арттыру бағытында да тиісті жұмыстар жүргізілмеген. Атап айтқанда, суармалы жерлерді тиімді пайдалану, игерілмей жатқан аумақтарды айналымға енгізу мәселелері назардан тыс қалған. Басқаша айтқанда, жергілікті жерлерде түсіндіру жұмыстары жеткілікті деңгейде жүзеге асырылмаған. – Талғар ауданы – инвестициялық тартымдылығы жоғары өңір. Сондықтан мұнда инвестицияны барынша көптеп тарту қажет, – деген Марат Елеусізұлы аудан әкіміне айтылған ескертулерді назарға алып, келесі айда атқарылған жұмыстар бойынша есеп беруді тапсырды.

Талғар ауданы