31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасында VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтеді. Ауқымды халықаралық додада әлемнің түкпір-түкпірінен келген спортшылар ұлттық спорт түрлерінен бақ сынап, өзара мықтыны анықтайды. Биылғы ойында көкпар жарысы да жеке спорт түрі ретінде өткізіледі.
Қазір республикалық күнтізбелік жоспарға сәйкес VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алдындағы оқу-жаттығу жиыны Алматы облысында өтіп жатыр. Онда спортшылардың дүбірлі додаға тыңғылықты дайындалуына барлық жағдай жасалған. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында Алматы облысының бес спортшысы – Нұржігіт Пернебай, Ынтымақ Әліпбаев, Бақытжан Әзімбай, Самат Жаманқара және Айбар Тоқтанай көкпардан ел намысын қорғайды. Олардың қатарында Қазақстан Республикасының спорт шеберлері мен спорт шеберлігіне үміткерлер бар. Команда сапындағы Бақытжан Әзімбай – Қазақстан Республикасының спорт шебері, ел чемпионаттарының жүлдегері. 2024 жылы Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы.
Алматы облысының көкпаршылары бұған дейін де халықыралық жарыстарда жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2024 жылы Астана қаласында өткен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да жүлдегер атанды. Сонымен қоса көрші елдегі көшпенділер додасында бәйгеден облысымыздың намысын іріктеу кезеңінен өткен 11 спортшы қорғайды.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары – ұлттық спорт түрлерін әлемдік деңгейде насихаттап, халықтардың тарихи-мәдени мұрасын дәріптейтін маңызды спорттық жоба. Жерлестеріміз алдағы жарыста ұлттық спорттағы әлеуетін лайықты таныстырып, жеңіспен оралуына тілектеспіз.
Өз тілшіміз

