Перейти к содержимому

Заң мен тәртіп – қауіпсіз болашақ кепілі!

39 қаралым

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Жамбыл ауданы аумағында кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған жедел-профилактикалық іс-шара өткізілуде.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, құқықбұзушылықтың алдын алу және балалар үшін қауіпсіз ортаны қалыптастыру.

– Аталған жедел-профилактикалық іс-шара шеңберінде кәмелетке толмағандармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Құқықбұзушылыққа бейім жасөспірімдермен жеке профилактикалық жұмыстар ұйымдастырылады. Сондай-ақ ата-аналарға бала тәрбиесі мен жауапкершілік мәселелері түсіндіріліп, ойын-сауық орындары мен жасөспірімдер көп жиналатын орындарға рейдтер жүргізіледі. Баланың қауіпсіздігі – баршамызға ортақ жауапкершілік. Жедел-профилактикалық іс-шара тамыздың 20- на дейін жалғасады,– дейді Жамбыл аудандық полиция басқармасы бастығының орынбасары Асылбек Тойшыбеков.

Асыл ЕРЗАТ