«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында Талғар қаласында қала әкімдігі, учаскелік полиция инспекторлары және қоғам белсенділерінің қатысуымен абаттандыру және санитарлық тазалық талаптарының сақталуы бойынша бақылау-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жеке және заңды тұлғаларға нысандарға іргелес 5 метр аумақты таза ұстау, қоқысты шығару, шөп шабу, арықтарды тазалау және аумақты абаттандыру талаптары түсіндірілді. Нәтижесінде анықталған заң бұзушылықтар бойынша 6 әкімшілік хаттама толтырылды.
– 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілген заңнама талаптарына сәйкес, өз нысандарыңызға іргелес аумақтарды таза ұстау, қоқыс пен арамшөптерден уақтылы тазарту және абаттандыру талаптарын сақтауларыңызды сұраймыз, – дейді полиция өкілі.
Ерзат АСЫЛ
