Ауыл – қазақы тәрбиенің алтын бесігі. Ондағы адамдар бір-бірін таниды, қуанышын да, қайғысын да бірге бөліседі. Осындай ортада қоғамдық бақылау мен өзара жауапкершіліктің табиғи үлгісі қалыптасады.
Үлкеннің кішіге ақыл айтуы, ауыл ақсақалының жөн көрсетуі, ел ағаларының бітімге шақыруы, аналардың бала тәрбиесіне алаңдауы – халқымыздың дәстүрлі қоғамдық мәдениетінің көрінісі.
Бұл құндылықтарды қазіргі құқықтық мәдениетпен сабақтастырудың маңызы зор.
Заң талаптары мен ұлттық тәрбие бір-біріне қарама-қайшы емес. Керісінше, екеуінің де көздегені – адамды тәртіпке, жауапкершілікке, өзгенің құқығын сыйлауға тәрбиелеу.
Дәурен ӘБУТӘЛІПОВ
Кеген ауданы
