-13 °c
Qonaev
Friday, May 9, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    24.10.2023
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Құқық-заң, Мәдениет, Мереке, Президент, Саясат, Тарих
    Тоқаев: Алаш арыстарының күресі ақталып, тарихи әділдік орнаған күн

    Фото: kazinform.kz

    0
    SHARES
    15
    VIEWS

    Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Бұл туралы Ақордада Республика күніне орай бірқатар азаматқа мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

    «Еліміздің ең басты мейрамы – Республика күні құтты болсын! Бұл – қазақтың мемлекеттілік дәстүрі қайта жаңғырған тарихи күн, Көк түріктер дәуірінен Алтын орда, Қазақ хандығы заманынан келе жатқан елдігіміз тамырын тартқан күн. Бұл – Алаш арыстарының азаттық жолындағы арпалысы ақталған күн. Халқымызда «Егемен болмай, ел болмас» деген сөз бар. Осыдан 33 жыл бұрын тарихи әділдік орнады. Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы декларация қабылданды. Осы маңызды құжат жұртымыздың азаттық алуына жол ашты», – деді Президент.

    Мемлекет басшысы шын мәнінде егемендік декларациясын қабылдау оңайға соқпағанына баса назар аудартты.

    «Еліміздің ұлттық құрамы біркелкі емес еді. Сол кездегі Парламентте, яғни, Жоғарғы Кеңесте және бүкіл қоғамымызда ұзақ пікірталас, қызу талқылау болды. Құжаттың әр сөзін, әр бабын қорғауға тура келді. Әлихан Бөкейхан «Бостандыққа апаратын жалғыз жол ұлттық ынтымақ қана» деген. Ел ағалары халқымыздың ардақты ұлының бұл өсиетіне адал болды. Олар жауапты сәтте ұйымшылдықпен ұлт мүддесін қорғай білді. Ақжолтай құжат жұртымыздың талап-тілегіне сай жазылды. Отаншыл азаматтардың ақыл-парасатының арқасында қабылданды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

    Президент олардың сын сағаттағы батылдығы нағыз ерлік деп бағалауға болатынын баса айтты.

    «Біз қазір Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Сондықтан өткен заманның қайраткерлеріне, олардың еңбегіне лайықты, әділетті баға беріп отыруымыз керек. Азаттық жылнамасында Салық Зиманов, Серікболсын Әбділдин, Қаратай Тұрысов, Зинаида Федотова, Ерік Асанбаев, Әбіш Кекілбаев, Қайрат Сапарғалиев, Сұлтан Сартаев, Өзбекәлі Жәнібеков, Олжас Сүлейменов, Александр Княгинин, Мырзатай Жолдасбеков, Өмірбек Байгелді, Қуаныш Сұлтанов, Сергей Терещенко және тағы басқа көптеген тұлғаның есімін құрметпен атап өту керек. Елін сүйген ерлердің отаншылдығы және олардың ұлт мүддесіне адалдығы әрдайым кейінгі ұрпаққа үлгі-өнеге болуға тиіс. Біз тарихи әділдік жолын берік ұстануымыз керек. Осы орайда тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлін атап өткен жөн. Себебі, ол еліміздің тәуелсіз мемлекет атанып, тұғырын бекемдеуге орасан зор еңбек сіңірді», – деді Мемлекет басшысы.

    Ұсынымдар

    Экономикалық тиімділігі мол

    Экономикалық тиімділігі мол

    8 months ago
    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    Мемлекеттік тіл және БАҚ байқауы мәресіне жетті

    11 months ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТҰРҒЫНДАРДЫҢ 40 ПАЙЫЗДАН АСТАМЫ САЙЛАУҒА КЕЛДІ

    7 months ago
    Шежірелі Шеңгелді

    Шежірелі Шеңгелді

    1 year ago
    Шерзат Полаттың өлімі бойынша тергеу таяуда аяқталады – Прокуратура

    Шерзат Полаттың өліміне қатысты тергеу аяқталды

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.