Бүгін өтіп жатқан Құрылтай сайлау барысында ұлттық қолөнерді дамытуға үлес қосып жүрген белгілі қолөнерші, кәсіпкер Дәулетова Жеңіскүл Дүйсенбекқызы азаматтық таңдауын жасады.
Жеңіскүл Дүйсенбекқызы бала кезінен әжесінен қолөнердің қыр-сырын үйреніп, ұлттық өнерді кәсібімен ұштастырып келеді. Бүгінде ол өз кәсібін дамытып, ұлттық қолөнерді дәріптеуге және кейінгі ұрпаққа насихаттауға атсалысып жүр.
Әрбір азаматтың дауысы – ел болашағына қосқан үлесі. Туған еліміздің дамуы мен тұрақтылығы үшін өз таңдауымызды жасау үлкен жауапкершілік, — деді Жеңіскүл Дүйсенбекқызы.
Сайлау – ел болашағына деген жауапкершілікті сезініп, азаматтық ұстанымды білдіретін маңызды қоғамдық науқан. Әрбір азаматтың жасаған таңдауы ел дамуы мен қоғамның келешегіне өзіндік үлесін қосады.
Іле ауданы