Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Футболшылар сайлауда белсенділік танытты

Футболшылар сайлауда белсенділік танытты

31 қаралым

Сайлау күні Тоқпанов футбол командасының мүшелері азаматтық белсенділіктерін танытып, өздеріне тиесілі №396 сайлау учаскесіне келіп, дауыс берді.

Спортшылар ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасау әр азаматтың конституциялық құқығы ғана емес, қоғамдық жауапкершілігі екенін атап өтті. Команда мүшелері сайлау учаскесінде белгіленген тәртіпке сәйкес өз таңдауларын жасап, дауыс беру рәсіміне қатысты.

Жастардың, соның ішінде спортшылардың сайлау үдерісіне белсенді араласуы – елдің қоғамдық өміріне бейжай қарамайтынының белгісі. Олар өз таңдаулары арқылы азаматтық ұстанымдарын білдіріп, ел дамуына үлес қосуға ниетті екендерін көрсетті.

№396 сайлау учаскесінде дауыс беру қалыпты жағдайда өтіп, тұрғындарға барлық қажетті жағдай жасалды. Футбол командасының мүшелері де өз азаматтық борыштарын орындап, сайлау науқанына белсене қатысты.

Іле ауданы