Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / КҮРТІ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ «ШҰБАТ PARTY» ӨТТІ

КҮРТІ АУЫЛЫНДАҒЫ САЙЛАУ УЧАСКЕСІНДЕ «ШҰБАТ PARTY» ӨТТІ

36 қаралым

Іле ауданына қарасты Күрті ауылдық округінің Ақши ауылында орналасқан № 417 сайлау учаскесінде Құрылтай депутаттарының сайлауы күні ерекше мәдени-этникалық шара – «Шұбат пати» ұйымдастырылды. Сайлауға келген тұрғындарға ұлттық сусын ұсынылып, шара ауыл тұрғындарының азаматтық белсенділігін арттыруға септігін тигізді.
Дауыс беру алаңында ақсақалдар мен ауыл тұрғындары жиналып, шұбаттың қазақ халқының тұрмыс-салтындағы орны мен маңызы туралы ой бөлісті.
Шұбаттың қазақ халқының өмірінде маңызы өте зор. Атап айтқанда, шұбат – ұлттық мұра мен қонақжайлылық символы. Яғни, көшпелі бабаларымыздан қалған түйе сүтінен әзірленетін шұбат – тек шөл қандыратын сусын емес, дала өркениетінің, береке мен меймандостықтың ай айшықты белгісі. Сонымен қатар дәрумендер мен микроэлементтерге бай шұбат ағзаның иммунитетін көтеріп, ас қорыту жүйесін жақсартады. Жұғымдылығы жоғары болғандықтан, ол ежелден әртүрлі дертке ем саналған.
Бұл дәстүрлі сусынды дәріптеу – ұлттық құндылықтар мен бабалар мұрасын жаңғыртып, жастарға салт-дәстүрді насихаттаудың тамаша үлгісі.
Сайлау учаскесіндегі мұндай ерекше бастама тұрғындардың мерекелік көңіл-күйін көтеріп, бірлігін бекемдей түсті.

Іле ауданы