Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / №349 сайлау учаскесіне ерекше қонақтар келді

№349 сайлау учаскесіне ерекше қонақтар келді

35 қаралым

Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы №349 сайлау учаскесінде сайлау күні көңілді әрі ерекше сәт орын алды. Дауыс беруге келген тұрғындардың қатарында балалардың сүйікті кейіпкерлері – Бос-молокосос пен Лол қуыршағы да бой көрсетті.

Ерекше кейіпкерлер сайлау учаскесіне келіп, көпшіліктің назарын бірден өздеріне аударды. Түрлі образдағы қонақтар әсіресе балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, сайлау күнінің әсерлі өтуіне өзіндік үлесін қосты.

№349 сайлау учаскесіндегі бұл көрініс тұрғындар үшін тосынсый болып, көпшілік ерекше кейіпкерлермен естелік суретке түсіп, көңілді сәттерін бөлісті.

Сайлау – ел өміріндегі маңызды қоғамдық шара болса, осындай ерекше көріністер оның өту барысына мерекелік көңіл күй сыйлай түсті.