Мен, Амирханова Гулжайнар Аширхановна,Алматы облысы,Алатау қаласы, Ынтымақ ықшам ауданы,№371 сайлау учаскесінде «Дауыс» қоғамдық коалициясының атынан байқаушы ретінде өз міндетімді атқарып отырмын.
Бүгінгі күн мен үшін азаматтық жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік берген маңызды күндердің бірі болды. Байқаушы ретінде сайлау учаскесіндегі дауыс беру процесінің ұйымдастырылуына мұқият назар аударып, оның белгіленген тәртіп пен заң талаптарына сәйкес жүргізілуін бақыладым.
Байқаушының міндеті тек дауыс беру барысын сырттай бақылаумен шектелмейді. Оның басты мақсаты — сайлау процесінің ашықтығына үлес қосу, азаматтардың өз таңдауын еркін жасауына мүмкіндік берілуін қадағалау және әрбір дауыстың әділ есептелуіне мән беру.
Сайлау барысында дауыс беру тәртібіне, учаскедегі жұмыстың ұйымдастырылуына және сайлаушылардың құқықтарының сақталуына ерекше көңіл бөлдім. Өзіме жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындауға тырыстым.
Менің ойымша, елдің болашағы әр азаматтың белсенді азаматтық ұстанымынан басталады. Ал сайлауда берілген әрбір дауыс — адамның өз таңдауына деген жауапкершілігінің көрінісі.
Осындай маңызды қоғамдық процеске өз үлесімді қосып, азаматтық міндетімді атқардым.