Есірткі – адамның денсаулығына ғана емес, оның өмірлік мақсаты мен болашағына қауіп төндіретін үлкен мәселе. Оған тәуелділік адамның отбасынан, қоғамнан және қалыпты өмірден алыстауына әкелуі мүмкін. Сондықтан жастар арасында есірткінің зияны туралы түсіндіру жұмыстарын тұрақты жүргізу маңызды. Әр жас өз болашағына жауапкершілікпен қарауы қажет. Бір сәттік қызығушылық орны толмас өкінішке айналмауы тиіс. Болашақты таңдау – есірткіден бас тартудан басталады.
Айжарық КӨПТІЛЕУОВ