-13 °c
Qonaev
Sunday, July 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Балқаш ауданында 6 ауылға газ тартылды

    02.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Партия, Экология, Энергетика
    Балқаш ауданында 6 ауылға газ тартылды
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    2019 жылы «Алматы – Талдықорған» магистралды газ желісінен көгілдір отын тарту арқылы «Бақанас» автоматтандырылған газ тарату стансасы салынып, ауданға жоғары қысымды құбырлар жүргізіле бастаған. Станса құрылысы аяқталған уақытта газ тарату желілерінің болмауына байланысты көгілдір отынның берілуі кейінге шегерілген.

    Бүгінде халықтың көптен күткен арманы орындалып, 16 320 тұрғыны бар 6 ауылда (Бақанас, Миялы, Бояулы, Ақдала, Бақбақты, Бірлік) газ беріле бастады. Бақанастың өзінде 52 шақырым газ құбыры жүргізілді. Ауылда 1300-ден аса үй болса, қазірдің өзінде оның 510-ы табиғи газға қосылып үлгерді. Осыған байланысты ауданда салтанатты шара өтті.

    Шараға арнайы қатысқан өңір басшысының орынбасары Нұржан Құдайбергенов пен облыстық партия филиалы төрағасының орынбасары Аслан Кубентаев тұрғындарды айтулы мерекемен құттықтады. Балқаш тұрғындары үшін мерейлі күн екенін, көптен күткен газбен қамту мәселесі шешілгенін айтты.

    «Облыста 384 елді мекеннің 294-і газдандыруға жатады, қазіргі уақытта 149 елді мекенге газ құбыры тартылып, 1 миллионнан аса адам газға қол жеткізді. Газ тұрғын үйлерді, әлеуметтік нысандарды жылытуға ыңғайлы, аймақта шағын және орта бизнестің дамуына өзінің оң ықпалын тигізетіні анық», – деді Нұржан Құдайбергенов.

    Сондай-ақ, «AMANAT» партиясының Жол картасына сай 2027 жылға дейін өңірді газдандыру деңгейі 70 пайызға жетпек.

    «Ауданда жүзеге асырылуы тиіс мәселелерді тұрғындармен бірге талқылап, ұсыныс-тілектерін жинағанбыз. Солардың бірі – елді мекендерді газбен қамту мәселесі болатын. Биыл Балқаш ауданында қараша айына дейін газ беріледі деп уәде етілген еді. Бүгін сол уәдеде тұрып, қуаныштарыңызға ортақтасып отырмыз. Табиғи газбен қамтамасыз ету мұнымен тоқтамайды. Алдағы уақытта басқа да ауылдарға газ құбыры тартылып, облыстағы газдандыру көрсеткіші 70 пайызға жетеді», – деді Аслан Кубентаев.

    Айта кету керек, биыл 18 ауылда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған бюджеттен 3,5 млрд теңге бөлінген.

    Ұсынымдар

    Өнеркәсібі өркендеген

    Өнеркәсібі өркендеген

    1 year ago
    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    Эксперты объяснили, почему в Казахстане повышают ставку НДС

    5 months ago
    Дамудың кілті – ынтымақтастықта

    Дамудың кілті – ынтымақтастықта

    8 months ago
    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    Жеңіл атлеттер жарыс жолында

    6 months ago
    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    Жемқорлыққа қарсы топ құрылды

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>