Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ІЛЕ АУДАНЫНДА БЕС АЙҒА СОЗЫЛҒАН ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

ІЛЕ АУДАНЫНДА БЕС АЙҒА СОЗЫЛҒАН ФУТБОЛ ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ

41 қаралым

Бес айға созылған тартысты дода, 18 тур және 300-ге жуық спортшы. Іле ауданында футболдан аудан чемпионаты мәресіне жетіп, маусым жеңімпазы анықталды.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылған чемпионат бес ай бойы жалғасып, аудан командалары өзара бақ сынады. Ұзақ маусымдағы чемпиондық тартыс соңғы турға дейін сақталды.

Шешуші 18-турда турнир кестесінің көшін бастаған «Ақсай» мен «Байсерке» командалары кездесті. Бірінші орынның тағдырын анықтаған ойында «Ақсай» қарсыласын 1:0 есебімен жеңіп, Іле ауданының футболдан чемпионы атанды.

Чемпионат қорытындысы бойынша:
🥇 1-орын — «Ақсай»
🥈 2-орын — «Байсерке»
🥉 3-орын — «Байкент»

Биылғы чемпионатқа жалпы 300-ге жуық спортшы қатысты. Бұдан бөлек, бес ай бойы өткен ойындарға төрешілер, жаттықтырушылар, ұйымдастырушылар мен жанкүйерлер атсалысты.

Ұзақ мерзімді чемпионат аудан тұрғындарының футболға деген қызығушылығын арттырып, ауылдық округ командалары арасында тұрақты спорттық бәсеке қалыптастыруға мүмкіндік берді.

Жарыс соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталып, чемпионаттың өтуіне үлес қосқан командаларға, төрешілерге, ұйымдастырушыларға, жанкүйерлер мен демеушілерге алғыс білдірілді.