Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қонаевтағы жеке тұрғын үйлерге 100-ден астам иіс газының датчиктері қойылады

Қонаевтағы жеке тұрғын үйлерге 100-ден астам иіс газының датчиктері қойылады

22 қаралым

Қонаев қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы әкімдік өкілдерімен бірге үйлерді аралауды бастады.

«Қауіпсіз қала» акциясы аясында ұйымдастырылған бұл іс-шара жылыту маусымында өрт қауіпсіздігін сақтап, оқыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Алғашқы аралау Шеңгелді ауылында жүргізілді. Кейіннен мамандар Қонаев қаласындағы қатты отынмен жылытылатын үйлерге де барады.

Аралау барысында пешті дұрыс қолдану бойынша халыққа түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Одан бөлек, иіс газын бірден сезетін құрылғылар орнатылып жатыр. Биыл Қонаев қаласы мен ауылдардағы үйлерде 100-ден астам датчик қойылады деп жоспарлануда.

Қонаев әкімдігі жылыту маусымына дайындық кезінде пештерді тазалап, қажет болған жағдайда уақытылы жөндеу жасауға кеңес береді.