Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Қауіпсіздік – ортақ міндет

Қауіпсіздік – ортақ міндет

22 қаралым

Қоғамдық қауіпсіздік бір ғана мемлекеттік органға байланысты емес.

Оны қамтамасыз етуге әр азаматтың жауапкершілігі қажет. Көшеде, қоғамдық орында немесе жол үстінде қауіпсіздік талаптарын сақтау маңызды. Кейде адамның бір ғана жауапсыз әрекеті бірнеше адамға қауіп төндіруі мүмкін. Сондықтан кез келген ережеге немқұрайды қарауға болмайды. Балалардың қауіпсіздігіне ата-аналар ерекше көңіл бөлуі керек.
Оларға көшеде жүру, жолдан өту және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас жасау тәртібін түсіндіру қажет. Ересектер де қоғамдық ортадағы мәдениетін көрсетуі тиіс.Қауіпті жағдайды байқаса, тиісті қызметке хабарлау – азаматтық жауапкершіліктің көрінісі. Заң мен тәртіпті сақтау осындай қарапайым әрекеттерден басталады. Қауіпсіз орта адамдардың бір-біріне деген жауапкершілігі арқылы қалыптасады.


Құралбек СӘБИТҰЛЫ