Жастар – қоғамның белсенді бөлігі. Олардың құқықтық сауаты жоғары болған сайын қоғамдық орта да қауіпсіз болады.
Жасөспірімдерге заң талаптарын түсіндірудің маңызы зор.
Өйткені кейбір құқықбұзушылық заңды білмеуден немесе теріс ортаға еліктеуден туындайды. Мектептегі құқықтық тәрбие бұл бағытта маңызды рөл атқарады. Жастар өз құқығын ғана емес, міндетін де білуі керек.
Қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау – азаматтық мәдениеттің белгісі.
Бос уақытты тиімді өткізу де құқықбұзушылықтың алдын алуға көмектеседі.
Спорт, өнер және түрлі шығармашылық бағыттар жастардың қабілетін дамытуға мүмкіндік береді. Ата-ана мен ұстаздың бақылауы да назардан тыс қалмауы тиіс.
Құралбек СӘБИТҰЛЫ