Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Отбасындағы түсіністік – зорлықтың алдын алады

Отбасындағы түсіністік – зорлықтың алдын алады

4 қаралым
От басы

Үйдегі әр адамның өзін еркін әрі қауіпсіз сезінуі отбасыдағы қарым-қатынастың сапасына байланысты. Ашуға беріліп, мәселені айқаймен немесе күшпен шешу жағдайды одан әрі ушықтырады. Бір-бірін тыңдай білу және пікірге құрметпен қарау көптеген жанжалдың алдын алады. Алайда зорлық-зомбылық белгілері байқалған жағдайда оны жасырып қалуға болмайды. Әсіресе тұрақты қорқыту, кемсіту немесе күш көрсету қалыпты қарым-қатынасқа жатпайды. Мұндай ортада балалардың психологиялық жағдайы да зардап шегуі мүмкін. Сондықтан ата-ана арасындағы мәселелерді балаға көрсетпеуге тырысып, қажет болса маман көмегіне жүгінген жөн. Қиын жағдайға тап болған адам жалғыз қалмауы керек. Туыстар мен жақындардың қолдауы да адамға дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі. Отбасыдағы сыйластық пен өзара сенім – зорлықсыз өмірдің берік негізі.

Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ