Үйден шығарда есік пен терезені жауып кету қарапайым әрекет болғанымен, оның маңызы зор. Көп жағдайда ұрлыққа әкелетін себептердің бірі – тұрғындардың өз мүлкіне жеткілікті деңгейде сақтық танытпауы. Үйдің кілтін бөтен адамға бермеу және оның көшірмесін бақылаусыз қалдырмау керек. Бағалы заттарды барынша қауіпсіз жерде сақтаған дұрыс. Көлік иелері де машина ішінде ақша, телефон немесе басқа құнды бұйымдарды қалдырмағаны жөн. Ауладағы құрал-сайман, велосипед секілді заттарды түнге қарай қараусыз қалдырмау қажет. Ұзақ сапарға шыққанда үйдің бос екенін әлеуметтік желіде жариялау да дұрыс емес. Егер бөтен адамның күмәнді әрекетін байқасаңыз, онымен өзіңіз жанжалға түспей, тиісті қызметке хабарлаған жөн. Мүлікті қорғау үшін үлкен шығынның қажеті жоқ, ең бастысы – қауіпсіздік дағдысын қалыптастыру. Ұқыптылық пен сақтық отбасы мүлкінің амандығына ықпал етеді.
Сая ЕРБОЛАТҚЫЗЫ