-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Халық саны 20 миллионға жетті

    16.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Денсаулық, Идеология, Мәдениет, Социум
    Халық саны 20 миллионға жетті

    фото: kazinform.kz

    0
    SHARES
    23
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды халық санының 20 миллионға жетуімен құттықтады.

    «Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», – деп жазды Президен X әлеуметтік желісінде.

    Бұған дейін Finprom.kz мәліметтері бойынша 2023 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстан халқының саны 19,9 млн адамға жетті. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 1,41%-ке көп.

    Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, елімізде халық саны 20 миллион адамға 14 қараша күні жеткен.
    «20 миллионыншы азаматтың туған күні барлық қолда бар демографиялық деректерді ескере отырып айқындалды: Қазақстан Республикасына тұрақты тұруға келген және одан шыққан, туғандар мен қайтыс болғандардың саны. Бұрын халық саны туралы мәліметтер қолмен өңделетін және бұл көп уақытты қажет ететін. Мемлекеттік ақпараттық жүйелердің интеграциясы бұл процесті жеделдетуге және 20 миллионыншы азаматтың туған күнін жоғары дәлдікпен және қысқа мерзімде анықтауға мүмкіндік берді», – делінген Ұлттық статистика бюросының хабарламасында.
    Халықтың деректер базасының көрсеткіштеріне сәйкес, 2023 жылғы 14 қарашада таңғы сағат 8.10-да туған 5 бала еліміздің 20 миллионыншы тұрғыны атанды.
    Қазақстанның мерейлі азаматтары Ұлытау, Жетісу, Атырау, Ақмола және Түркістан облыстарында дүниеге келді. Олардың ішінде 3 ұл және 2 қыз бар.
    Еске салсақ, 1991 жылы Қазақстанда халық саны 16,4 млн адамды құрады. Тәуелсіздік жылдарында ел халқы 22,3% өсті. Мәселен, 2022 жылы 1991 жылмен салыстырғанда туу саны 353,2 мыңнан 403,9 мың адамға дейін немесе 14,7% өсті.
    Бала туудың ең жоғары көрсеткіші 2021 жылы тіркеліп, 446 мың баланы көрсеткен. Табиғи өсімнің артуына, оның ішінде нәресте өлімінің азаюы нәтижесінде қол жетіп отыр. Жалпы өлім-жітім 1991 жылғы 1000 адамға шаққанда 8,20-дан 2022 жылы 6,8 адамға дейін төмендеді. Сәби өлімінің коэффициенті 3,5-тен астам есе төмендеген.
    Халықтың 1000 адамға шаққандағы туу көрсеткішін көрсететін жалпы туу коэффициенті Тәуелсіздік жылдары 1991 жылғы 21,6-дан 2021 жылы 23,6-ға дейін өсті. 2022 жылы бұл көрсеткіш 20,7 болды.
    Ең маңызды демографиялық көрсеткіштердің бірі саналатын туудың жиынтық коэффициенті 1991 жылғы 2,7-ден 1999 жылы 1,8-ге дейін төмендеді. Кейіннен ол біртіндеп өсті. 2022 жылы туудың жалпы коэффициенті 1 әйелге 3,05 баланы құрады.
    Орташа өмір сүру ұзақтығы 1991 жылмен салыстырғанда 2022 жылы жалпы 6,8 жылға, атап айтқанда ерлер арасында 7,7 жылға, әйелдерде – 6 жылға өсті. Осылайша, 2022 жылы Қазақстанда өмір сүру ұзақтығы 74,4 жылды құрады. Бұл көрсеткіш пандемияға дейінгі деңгейден 1,3 жылға ұзарды.

    Ұсынымдар

    Жаңа жанр, жаңа кітап

    Жаңа жанр, жаңа кітап

    1 year ago
    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    Алматы облысында жемқорлықтың алды алынды

    2 years ago
    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    Алматы облысында вирусты «А» гепатитімен сырқаттану деңгейі жоғары

    2 years ago
    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    Заңсыз отшашу — өртке себеп болмасын

    1 year ago
    Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

    Қонаев қаласында “Арена” драмасы сахналанды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>