Қонаев қаласының тұрғыны Данил Устинов Қырғыз елінде өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қол күрестен алтын жеңіп алды. Қазақстанға келе салысымен ол ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.
Бүгін қала әкімі Асхат Бердіханов спортшыны жеке қабылдап, жеңісімен құттықтады.
«Сіз секілді спортшылар еліміздің, қаламыздың даңқын асқақтатып жүр. Барша Қонаев тұрғындары атынан сізге алғысымды айтамын. Бағындырар белестеріңіз көп болсын! Тек сәттілік тілеймін!» – деді әкім.
Шаһар басшысы Данилдың еңбегін ерекше бағалап, оған 1 млн теңге көлемінде сертификат табыс етті.