Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (T.me/JAQortcomkz) адамның ақпаратты қалай қабылдайтыны және оның пікіріне ықпал ету әрекеттерін неліктен әрдайым байқай бермейтіні туралы ақпараттық-ағартушылық материалдардың жаңа топтамасын дайындады.
Жаңа карусельде пайдаланушылар күнделікті дерлік кездесетін күрделі ақпараттық құбылыстар қарапайым әрі түсінікті тілмен түсіндіріледі.
Материалдар JAQ.ORTCOM-ның Instagram (Instagram.com/jaqortcomkz) және TikTok (Tiktok.com/@jaq.ortcom.kz) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында тұрақты түрде жарияланып отырады.