Күн сайын біз мыңдаған хабарлама, бейне және суретке кезігеміз. Алайда ақпараттың біздің қабылдауымызға қалай әсер ететінін және оқиғаларға деген көзқарасымызды қалай қалыптастыратынын әрдайым байқай бермейміз.
Жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл орталығы (T.me/JAQortcomkz) осы тетіктерді түсінуге көмектесетін қысқа ақпараттық-ағартушылық материалдар топтамасын дайындады.
Жаңа карусельдер JAQ.ORTCOM-ның Instagram (Instagram.com/jaqortcomkz) және TikTok (Tiktok.com/@jaq.ortcom.kz) әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында жарияланып отырады.