Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Кешенді даму жоспары: Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделуде

Кешенді даму жоспары: Шеңгелдіде 16 көшенің жолы жөнделуде

38 қаралым

Қонаев қаласының Кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылында 16 көшенің жалпы ұзындығы 8,6 шақырым болатын жолына орташа жөндеу жүргізілуде. Жобаға жергілікті бюджеттен 281 млн теңге бөлінген.

Жөндеу жұмыстарының ерекшелігі – асфальт жабыны бұрын болмаған көшелер де қамтылған. Жобаны «ЕР-НУР СТРОЙ и К» ЖШС жүзеге асыруда. Құрылысты қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған.

«Былтыр Кешенді даму жоспары аясында Шеңгелді ауылдық округіне қарасты елдімекендердің жолдары жөнделді. Биыл негізгі жұмыстар Шеңгелді ауылының өзінде жалғасып жатыр. 16 көшедегі 8,6 шақырым жол орташа жөндеумен қамтылады», – деді Қонаев қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Бағдат Алиев.

Жоғарыда аталған жоспарға сәйкес, қала аумағында Әуезов, Абай көшелерінің жолы күрделі жөндеуден өтуде. Абай көшесіндегі құрылыс ендігі жылға өтпелі. Жалпы алғанда Кешенді даму жоспары аясында жол саласында 10-нан астам жоба жүзеге асады деп жоспарлануда.

Бұл жоспардан тыс, Қарлығаш шағынауданында 7,4 шақырым жол күрделі жөндеуден өтіп жатыр. Бұл ауданда 8,5 шақырым жаяу жүргіншілер жолы салынып, аялдамалар орнатылады. Сондай-ақ көше бойы жарықтандырылады. Жоба 2025 жылы басталған, биыл аяқталады деп көзделген.