Перейти к содержимому
Басты бет / Ауыл шаруашылығы / Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

Балқаш ауданында күріш жинау науқаны басталды

31 қаралым

Алматы облысының Балқаш ауданында күріш жинау жұмыстары басталды. Биыл су ресурстарын тиімді пайдалану мақсатында күріш алқаптарының көлемі оңтайландырылды.

2026 жылы ылғалды көп қажет ететін күріштің егіс көлемі 2,5 мың гектарға қысқарып, 5,2 мың гектарды құрады.

Бүгінде шаруалар 150 гектар алқаптағы күрішті шауып үлгерді. Орташа өнімділік гектарына 43 центнерді құрап отыр.

Жыл қорытындысы бойынша аудан шаруашылықтарынан 22,3 мың тонна күріш өндіріледі деп күтілуде.

Егіс көлемін оңтайландыру және су ресурстарын тиімді пайдалану – ауыл шаруашылығын тұрақты дамыту бағытындағы негізгі шаралардың бірі.