Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / AICHI–NAGOYA 2026: Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары басталды

AICHI–NAGOYA 2026: Жапонияда ХХ жазғы Азия ойындары басталды

37 қаралым

Аичи мен Нагояда құрлықтағы басты спорттық дода — ХХ жазғы Азия ойындары басталды. Байрақты бәсеке Азияның 45 елі мен өңірінің өкілдерін біріктіріп, екі апта бойы спортшылар 469 медальдар жиынтығы үшін бақ сынайды. Қазақстан бұл додаға 558 спортшымен қатысып, спорттың 35 түрінен өнер көрсетеді. Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанның көк туын Париж-2024 Олимпиадасының дзюдодан чемпионы Елдос Сметов пен ұлттық құрама сапындағы үстел теннисінің өкілі Сарвиноз Миркадирова алып шықты. Ұлттық құрама сапында Алматы облысының 19 спортшысы бар. Олардың қатарында грек-рим күресінен Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадраев, стенд атудан Азия ойындарының екі дүркін чемпионы Асем Орынбай, сондай-ақ оқ атудан Никита Чирюкин мен садақ атудан Муса Дильмухамет бар.

Жарыс жолына дзюдошылар Екатерина Токарева мен Бахытжан Абдурахманов, ескек есу спортынан Игорь Ряшенцев, ауыр атлетикадан Айганым Жанболат, желкенді спорттан Илья Иванов, Таисия Ильина, Владимир Щанкин және Яна Белозерова, ушудан Алижан Аблагатов пен Аян Турсын, ММА-дан Молдир Аширбекова, джиу-джитсудан Адель Махаметова, Мариан Журавлева және Райхан Абдуллаева шығады.Жапониядағы бәсекеге апарар жол Ойындардың ашылуынан әлдеқайда бұрын басталды. Дайындық жұмыстары Қазақстанда және шетелде өткен оқу-жаттығу жиындарын, халықаралық жарыстарға қатысуды, спортшылармен жеке жұмысты және халықаралық тәжірибесі бар шетелдік мамандарды тартуды қамтыды. Басты мақсат — спортшылардың бабын маусымның басты додасына дәл келтіру. Енді ең қызықты сәт басталады — мыңдаған жаттығу мен жүздеген сынақтан өтуге себеп болған сол бір сәт. Жапон ареналары спортшыларымыз үшін жарқын эмоциялардың, үздік нәтижелердің және жаңа спорттық жеңістердің мекеніне айналсын!