Перейти к содержимому

КӨШЕ КӨРКІ – ЕЛ КӨРКІ

25 қаралым

Елді мекеннің ажары оның тазалығы мен ұқыптылығынан көрінеді. Таза көшелер, күтіп-бапталған ағаштар мен абаттандырылған аулалар тұрғындарға жайлы орта қалыптастырады.

«Таза Қазақстан» бастамасы аясында қоғамдық орындарды ретке келтіруге, елді мекендерді көркейтуге және тазалық мәдениетін қалыптастыруға ерекше мән беріліп келеді. Бұл бағыттағы жұмыстарға тұрғындардың белсенді қатысуы ортақ нәтижеге оң әсер етеді.

Көшені таза ұстау – тек тазалық қызметінің міндеті емес. Әр адам өзі тұратын аумаққа жанашырлықпен қарап, қоршаған ортаны ластамауға атсалысса, мұндай әдет біртіндеп қоғамның қалыпты мәдениетіне айналады.

Көрікті әрі таза көше – тұрғындардың туған жеріне деген құрметінің белгісі.

Алтынай СЕЙІТКЕН