Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Асхат Бердіханов қала күні қарсаңында Д. Қонаев музейіне барды

Асхат Бердіханов қала күні қарсаңында Д. Қонаев музейіне барды

59 қаралым

Қала күні қарсаңында Қонаев қаласының әкімі Асхат Бердіханов Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың музейіне барып, ұлы тұлғаның өмірі мен қызметіне қатысты құнды жәдігерлермен танысты.

Алматы төріндегі бұл музейдің тарихы 2002 жылдан басталады. Ол Дінмұхамед Қонаевтың 90 жылдығына орай ашылған. 2022 жылы музейдің ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, экспозициялық кеңістігі жаңғыртылды. Бүгінде мұнда 1 392 жәдігер сақтаулы. Экспозиция үш залға бөлінген.

Музейдегі әр заттың өзіндік тарихы бар. Мұнда ұлы тұлғаның балалық және жастық шағы, еңбек жолының алғашқы кезеңі, Қазақстан Ғылым академиясындағы жұмысы мен мемлекет басқарған жылдарына қатысты материалдар қойылған. Сондай-ақ жеке заттары мен тарихи құжаттары келушілер назарына ұсынылады.

– Дінмұхамед Ахметұлы Қонаевтың есімі берілген қалаға басшылық ету – мен үшін үлкен мәртебе. Сонымен бірге бұл – үлкен жауапкершілік. Біз қаланы дамыта отырып, оның рухани негізін де сақтауға міндеттіміз. Бүгін музейдегі жәдігерлерді көріп, осы жауапкершілікті тағы бір мәрте сезіндім, – деді Асхат Бердіханов.

Музейге сапары соңында қала әкімі арнайы естелік хат қалдырды. Ол ұжымға тарихи мұраны сақтап, оны тұрғындар мен жас ұрпаққа жеткізу бағытындағы еңбегі үшін алғыс білдірді.