Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ

21 қаралым
жаңа конституция

Жаңа Конституцияда адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылығы ретінде айқындалған. Негізгі заңда заң мен тәртіптің үстемдігін қамтамасыз ету мемлекеттің басты қағидаттарының бірі ретінде көрсетілген. Бұл әр азаматтың құқықтық сауатын арттырып, заң талаптарын құрметтеуінің маңызын күшейтеді. Қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіздік ең алдымен заң талаптарының сақталуына байланысты. Әр адам өз құқығымен қатар, қоғам алдындағы міндетін де білуі қажет. Заңды сақтау – тек жауапкершіліктен қорғану емес, өзгелердің құқығын құрметтеудің белгісі. Сондықтан заң мен тәртіпті сақтау әр азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс.