Перейти к содержимому

ОТБАСЫ – ҚАУІПСІЗДІКТІҢ БАСТАУЫ

32 қаралым

Отбасы – әр адам өзін қауіпсіз сезінетін орта болуы тиіс. Үйдегі зорлық-зомбылықты ешқандай жағдайда қалыпты жағдай деп қабылдауға болмайды. Күш көрсету, қорқыту немесе қорлау адамның құқықтары мен қадір-қасиетіне нұқсан келтіреді. Мұндай жағдайға тап болған адам көмек сұраудан қорықпауы керек. Жақындары мен қоғам да зорлық белгілеріне бейжай қарамағаны жөн. Құқық қорғау және әлеуметтік қызметтер зардап шеккен азаматтарға тиісті көмек көрсету бағытында жұмыс істейді. Отбасындағы өзара құрмет пен түсіністік – берік шаңырақтың негізі.