Перейти к содержимому

ЗОРЛЫҚ-ЗОМБЫЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ!

28 қаралым

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасының ішкі мәселесі ғана емес, құқықтық тұрғыдан да маңызды мәселе. Адамның ар-намысы мен қадір-қасиеті заңмен қорғалады. Отбасындағы жанжал күш көрсетуге ұласқан жағдайда мәселені дер кезінде шешу қажет. Зардап шеккен адам тиісті мемлекеттік органдардан көмек сұрай алады. Қоршаған ортадағы адамдардың да мұндай жағдайларға немқұрайлы қарамағаны маңызды. Балалар бар отбасыларда ата-ананың мінез-құлқы олардың психологиялық жағдайына да әсер етеді. Сондықтан әр шаңырақта өзара сыйластық пен жауапкершілік қағидаты орнығуы керек.