Перейти к содержимому

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІ ДЕ ЕРЕЖЕНІ САҚТАУЫ ТИІС

28 қаралым

Жол қозғалысы қауіпсіздігі тек жүргізушілерге қатысты емес. Жаяу жүргіншілер де белгіленген ережелерді сақтауы қажет. Жолды арнайы өткелден өту – қауіпсіздіктің негізгі талаптарының бірі. Бағдаршамның қызыл түсінде жолдан өтуге болмайды. Қараңғы уақытта жарық шағылыстыратын элементтерді пайдалану көрінуді арттырады. Телефонға алаңдап, жол жағдайына мән бермеу де қауіпті. Әр адам жолда өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қараса, апат қаупін азайтуға болады.