Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 1,1%-ға өсті

Пошта және курьерлік қызметтер көлемі 1,1%-ға өсті

25 қаралым

2026 жылғы қаңтар-тамызда Қазақстанда көрсетілген пошта және курьерлік қызметтердің көлемі 57,2 млрд теңгені құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,1%-ға өсті. Оның ішінде 13,4 млрд теңге халыққа көрсетілген қызметтерге тиесілі.

Өңірлер бөлінісінде пошта және курьерлік қызметтер көлемінің ең жоғары үлесі Алматы қаласына – 58,7%, Астана қаласына – 13,2% және Қарағанды облысына – 3,2% тиесілі.

Ауылдық жерлерде есепті мерзімде көрсетілген қызметтердің көлемі 2,0 млрд теңгені құрады.