Перейти к содержимому

Таза Қазақстан – ортақ құндылық

25 қаралым

«Таза Қазақстан» – қоршаған ортаны қорғаумен қатар, қоғамдағы жауапкершілік мәдениетін нығайтуға бағытталған бастама. Бағдарлама аясындағы жұмыстарға мемлекеттік мекемелермен бірге тұрғындардың да белсенді қатысуы маңызды. Тазалық, абаттандыру және көгалдандыру ісі жүйелі түрде жүргізілгенде ғана тұрақты нәтиже береді. Әр азамат өз аумағына ұқыпты қарап, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға дағдылануы қажет. Мұндай жауапкершілік туған жерге деген сүйіспеншіліктің нақты көрінісі бола алады. Таза орта қалыптастыру бір күннің жұмысы емес, үздіксіз атқарылатын ортақ іс. Сондықтан «Таза Қазақстан» идеясын әр адамның күнделікті өмір салтына айналдыру маңызды.