Перейти к содержимому
Басты бет / Спорт / Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

Қазақстан әйелдер құрамасы стенд атудан Азия ойындарының күміс жүлдесін жеңіп алды

25 қаралым

Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында өтіп жатқан жазғы Азия ойындарында әйелдер арасында «скит» бағдарламасы бойынша жарыстар аяқталды.

Біліктілік кезеңінің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 274 ұпай жинап, екінші орынға ие болды және күміс медаль жеңіп алды. Ел намысын Асем Орынбай, Зоя Пискун және Адель Садакбаева қорғады.

Бірінші орынды 287 ұпай жинаған Қытай құрамасы иеленді. Үшінші орынға 266 ұпаймен Үндістан құрамасы жайғасты.

Айта кетейік, ұлттық құрама сапында өнер көрсететін, Алматы облысының намысын қорғайтын ең титулды спортшылардың бірі Асем Орынбай жеке сайыстың финалына да жолдама алды. Біліктілік кезеңінде Асем 117 ұпай жинады.

Еске сала кетейік, 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарында Асем Орынбай екі алтын және бір қола медаль жеңіп алған болатын.

XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы сапында Алматы облысының 25 спортшысы спорттың 14 түрінен жүлдеге таласуда.