Алатау қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық “Біз есірткіге жол бермейміз’ деген тақырыппен рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейдке Алатау қаласы әкімдігінің өкілдері, «Әділет» партиясының қалалық филиалы, полиция қызметкерлері, Жастар ресурстық орталығының мамандары, кинологтар және өзге де жауапты органдардың өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында кафе, ойын-сауық орындары және жастар көп шоғырланатын нысандар тексеріліп, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінсіз жүруінің алдын алуға ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар жасөспірімдер мен жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, қоғамдық орындардағы тәртіпті сақтау және қауіпсіздік талаптарын түсіндіру бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Мұндай рейдтердің негізгі мақсаты – құқық бұзушылықтың салдарын жою емес, оның алдын алу, тұрғындардың құқықтық мәдениетін арттыру және жасөспірімдердің қауіпсіз ортада өмір сүруіне жағдай жасау.
«Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы профилактикалық рейдтік іс-шаралар Алатау қаласында тұрақты түрде жалғасады.
Панжазов Сабит
Құйған ықшамауданының Қоғамдық кеңесінің мүшесі
Алатау қаласы