Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Суды үнемдеу – ортақ міндет

Суды үнемдеу – ортақ міндет

31 қаралым

Су – тіршіліктің негізгі көзі әрі адамзат үшін аса маңызды табиғи ресурс. Сондықтан оны үнемдеп пайдалану – әрадамның күнделікті әдетіне айналуы тиіс.

Кранды қажетсіз ашық қалдырмау, тіс жуғанда суды ағызып қоймау, ақаулы құбырларды уақытында жөндеу сияқты қарапайым әрекеттер судың ысырап болуын азайтады. Албау-бақшаны суарғанда суды мөлшермен пайдалану да үлкен нәтиже береді.

Суды үнемдеу – тек табиғатты қорғау емес, болашақ ұрпаққа жауапкершілікпен қарау. Табиғи байлықты бүгіннен тиімді пайдалансақ, ертеңгі күнге таза әрі жеткілікті су қорын сақтай аламыз.