Қолайлы орта қалыптастыру елді мекендердің тазалығынан басталады. Ауласы жинақы, көшесі таза, қоғамдық орындары ұқыпты өңірде тұрғындардың да тұрмыс сапасы арта түседі.
«Таза Қазақстан» бастамасы аясында елді мекендерді абаттандыруға және санитарлық тазалықты қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде. Мұндай шаралардың нәтижелі болуы тұрғындардың белсенділігіне де байланысты.