Қоршаған ортаның ластануына көбіне күнделікті тұрмыстағы қарапайым немқұрайлылық себеп болады. Қоқысты кез келген жерге тастау табиғатқа зиян келтіріп қана қоймай, елді мекеннің көркін де бұзады.
Сондықтан тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орындарға шығару – әр тұрғынның орындауға тиіс қарапайым талаптарының бірі. Қоқыс жәшіктері мен арнайы алаңдарды дұрыс пайдалану тазалықты сақтауға мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» бастамасы қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызын арттыра түсті.