Кез келген құқықбұзушылықтың алдын алу оның салдарымен күрескеннен тиімді. Сондықтан азаматтар қауіптің алғашқы белгілерін байқап, дер кезінде әрекет етуі қажет. Үйдегі жанжал, қоғамдық орындардағы тәртіпсіздік немесе жолдағы қауіпті жағдай назардан тыс қалмауы тиіс. Қазіргі таңда құқықбұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шараларға басымдық берілуде. Азаматтардың құқық қорғау органдарымен өзара байланысы да бұл жұмыстың маңызды бөлігі. Қоғамдағы әрбір адамның жауапкершілігі артқан сайын қауіпсіздік деңгейін қамтамасыз етуге мүмкіндік көбейеді. Алдын алу мәдениеті – «Заң мен тәртіптің» маңызды бөлігі.