Перейти к содержимому

Заңды сақтау – өзіңді қорғау

33 қаралым

Заң талаптарын сақтау адамның өз қауіпсіздігіне де тікелей әсер етеді. Жолда ережені сақтау – жол-көлік оқиғасының алдын алуға көмектеседі. Отбасында өзара құрмет орнату – зорлық-зомбылық қаупін азайтады. Мүлікті қорғауға арналған қарапайым шаралар материалдық шығынның алдын алуы мүмкін. Қоғамдық орында тәртіп сақтау айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне ықпал етеді. Өз құқығы мен міндетін білу азаматқа күрделі жағдайда дұрыс әрекет етуге мүмкіндік береді. Сондықтан заңды сақтау – тек міндет емес, адамның өзін және айналасындағыларды қорғау мәдениеті.

↑