Перейти к содержимому

Отбасы – қауіпсіздік мекені

18 қаралым

Отбасы әр адам өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орта болуы тиіс. Зорлық-зомбылықтың ешбір түріне отбасылық жағдай немесе жеке мәселе ретінде қарауға болмайды. Күш көрсету, қорқыту, қорлау және экономикалық қысым адамның құқықтарына нұқсан келтіреді. Заңнамада тұрмыстық зорлық-зомбылықтың бірнеше түрі қарастырылған. Мұндай жағдайға тап болған адам құқық қорғау органдарына жүгінуге құқылы. Қауіп төнген жағдайда полицияның 102 нөміріне хабарласуға болады. Зорлық-зомбылықтың алдын алу – отбасы мен қоғамның ортақ міндеті.

Айжарық КӨПТІЛЕУОВ

↑