Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Бір сәттік салғырттықтың соңы өкінішке айналмасын

Бір сәттік салғырттықтың соңы өкінішке айналмасын

52 қаралым

Мүліктің сақталуы кейде ең қарапайым нәрселерден басталады. Үйдің есігін ашық қалдыру, көлікте бағалы заттарды көзге көрінетін жерде ұстау немесе бейтаныс адамға сеніп, маңызды мәліметтерді беру – қылмыскер үшін мүмкіндікке айналуы мүмкін.

Сондықтан азаматтардың сақтық шараларын білуі – меншік қылмыстарының алдын алудағы маңызды факторлардың бірі. Үйден ұзақ уақытқа кетерде қауіпсіздік жүйелерін тексеру, көлік пен мүлікті қараусыз қалдырмау, күмәнді жағдайларда тиісті қызметтерге хабарлау қажет.

Қауіпсіздік әрдайым күрделі технологиядан тұрмайды. Кейде ол есікті құлыптаудан, құжатты бейтаныс адамға бермеуден немесе «маған ештеңе болмайды» деген ойдан бас тартудан басталады.

Тоғжан ЖОЛДЫҒАЛИ

↑