Перейти к содержимому

Тәртіп бар жерде, тыныштық бар

6 қаралым

Қоғамдағы тұрақтылық заң талаптарын сақтау мәдениетімен тығыз байланысты. Әр азамат өз әрекетінің айналасындағыларға әсерін ескеруі керек. Ұсақ құқықбұзушылықтарға немқұрайды қарау кейін күрделі мәселелерге әкелуі мүмкін. Сондықтан қоғамдық орындарда тәртіп сақтау, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау және адамдардың тыныштығын бұзбау маңызды. Полиция мен жергілікті атқарушы органдардың профилактикалық жұмысы осы міндеттерді жүзеге асыруға бағытталады. Бірақ құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде тұрғындардың белсенділігі де қажет. Заңды білу және оны орындау – азаматтық мәдениеттің көрсеткіші. Тәртіпке негізделген қоғамда адамдардың өзара сенімі де нығаяды.

Ерзат АСЫЛ

↑